Қиыр Шығыс кафедрасы халықаралық жобалар мәселелерін шақыртылған профессормен талқыладыFarabi University

Қиыр Шығыс кафедрасы халықаралық жобалар мәселелерін шақыртылған профессормен талқылады

5 ақпан, 2025

2025 жылдың 5 ақпанында Қиыр Шығыс кафедрасы Ханкук шет тілдері университетінен келген шақыртылған профессор  Сон Ю Джонгпен кездесу өткізді. Кездесу барысында корейтануды дамыту және университеттер арасындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында халықаралық жобалардың болашағы мен бағыттары талқыланды.

Қиыр Шығыс  кафедрасы Korea Foundation қаржыландыратын  Қазақстандағы  корейтануды дамытуға бағытталған жаңа халықаралық жоба дайындап жатыр. Жоба академиялық зерттеулерді тереңдетуді  және Қазақстанда корей тілін және мәдениетін оқытуды кеңейтуді көздейді.

Бұған дейін, Ханкук шет тілдері университетінің профессоры Ли Бенг Джо жетекшілігімен, Қиыр Шығыс  кафедрасы 2017-2020 жылдар аралығында Қазақстандағы Корея әдебиеті бойынша оқулықтар жасауға арналған халықаралық жобаны сәтті жүзеге асырды. Бұл жоба Кореяның әдебиеті мен ТМД елдеріндегі корей диаспорасының әдебиетін қамтып, корей әдебиеті саласындағы мамандарды даярлау мәселелеріне арналды. Осы  тәжірибе жаңа бес жылдық жобаны әзірлеудің негізіне айналып, бастамасы болғане жобаның негізінде  академиялық байланыстарды тереңдетіп, корейтану саласында мамандар даярлауға жаңа жоба әзірленуде.  

2025 жылдың қаңтар айында Қиыр Шығыс кафедрасына келген  шақыртылған профессор Сон Ю Джонгпен өткен кездесуде болашақ жобаға қатысты негізгі тақырыптар мен бағыттар талқыланды. Қазақстандық оқу және ғылыми мекемелермен ынтымақтастық мәселелері, сондай-ақ студенттер мен оқытушылар үшін білім беру бағдарламалары мен алмасуларды ұйымдастыруға ерекше назар аударылды.

Жоба Қиыр Шығыс  кафедрасының халықаралық академиялық саладағы орнын нығайтып, Қазақстан мен Орталық Азияның басқа елдерінде корейтануды дамытуға ықпал етуді жалғастырады деген сенімдеміз.