
Бүгін сағат 17:00-де “Маман тапшылығын жою – басты міндет” атты дөңгелек үстел аясында Қадырбай Бексеит Біржанұлымен “Мұғалімнен – Көшбасшыға” тақырыбында кездесу өтті. Кездесу барысында білім беру саласындағы көшбасшылықтың маңызы, мұғалімдердің кәсіби дамуы және олардың қоғамдағы рөлі туралы маңызды мәселелер талқыланды. Қатысушылар қызықты сұрақтар қойып, өз ойларымен бөлісті. Сонымен қатар, топ студенттері өздерінің зерттеулері мен идеяларын ұсынған презентацияларын қорғап, белсенді пікірталас жүргізді. Бұл кездесу болашақ педагогтардың білімі мен көшбасшылық қабілеттерін дамытуға бағытталған маңызды қадамдардың бірі болды.
Басқа жаңалықтар

16 сәуір, 2025

16 сәуір, 2025