
Факультет түлектері арасынан ондаған елшілер шықты. Солардың бірі – факультетіміздің 1994 жылғы түлегі Оңалбаев Оңталап Серікбайұлы. Оңалбаев Оңталап 1989 жылы шығыстану факультеті ашылған кезде қабылданған 53 студенттің бірі. Факультетте шығыстану мамандығының тарих саласы бойынша білім алды. 1992-1993 оқу жылында Иранда Тегеран университеті жанындағы халықаралық Деһхуда орталығында парсы тілінен стажировкадан өтті. 1994 жылы университетті сәтті аяқтағаннан кейін Сыртқы істер министрлігіне жұмысқа кірді. Сол уақыттан еліміздің сыртқы байланыстар саласында аянбай еңбек етіп келеді. Еңбек жолын референт болып бастады. 2009-2011жж. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Азия және Африка департаментінің басқарма бастығы, 2011-2012жж. Қазақстанның Ирандағы Елшілігінің кеңесші-елшісі, 2012-2018 жж. Горган қаласындағы (Иран) ҚР Бас консулы, 2019-2022жж. Таяу, Орта Шығыс және Африка департаментінің директоры, 2022-2023жж. Сыртқы істер министрінің кеңесшісі, ҚР СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі, 2024 жылдың 26 наурызынан бері Қазақстан Республикасының Иран Ислам Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі.
Басқа жаңалықтар

