Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, география және табиғатты пайдалану факультеті, метеорология және гидрология кафедрасы «Метеорология» білім беру бағдарламасының 1- курс және «Гидрология» білім беру бағдарламасының 3-курс студенттері 7 ақпан күні Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар және жасөспірімдер театрына барып, «Болмаған балалық шақ» спектаклін тамашалады. Бұл мәдени шара «Сапалы білім» тұрақты даму мақсаты (ТДМ-4) аясында өтті.
«Болмаған балалық шақ» спектаклі ҚазҰУ түлегі Ақберен Елгезековтың аталмыш повесті бойынша сахналанған, қоғамның өзекті мәселесі көтеріліп, әкесінен ерте айрылған жас бала анасынан тірідей жетім қалып, нағашыларының қолында, бірде өгей әкесінің, ал кейін өз туыстарының үйінде тұрып, бақытты балалық шақтың дәмін тата алмай, анасын сағынумен өткізген баланың ауыр тағдыры туралы баяндады.
Студенттер рухани байып, актерлік құрамға ерекше ықыластарын білдірді, мәдени орындарға барып, рухани толысып, мүлде бөлек әлеммен танысып қайтты.
Басқа жаңалықтар


