ТДМ-4: Белгілі қоғам қайраткері, кәсіпкер және меценат Мирас Кесебаевпен кездесу өттіFarabi University

ТДМ-4: Белгілі қоғам қайраткері, кәсіпкер және меценат Мирас Кесебаевпен кездесу өтті

3 қаңтар, 2025

3 желтоқсанда белгілі қоғам қайраткері, кәсіпкер және меценат Мирас Кесебаевпен кездесу өтті. Бұл іс-шараға қоғам белсенділері,  жас кәсіпкерлер, мәдениет және білім саласының өкілдері жиналды.

Кездесуге студенттер мен жастар атсалысып, әр түрлі салалардағы дамуды талқылау мақсатында бір ортаға жиналды. Бүгінде 10 кітаптың авторы, жазушы, Kitapal podcast резиденті Мирас Кесебаев студенттерге өзінің өмірлік жолын, бизнеске қадам басу мен жетістіктерін және әлеуметтік жобалары туралы да кеңінен айтып берді. Табысқа жетудің өзіндік құпияларымен бөлісе отырып, жастарға моивация берді. Кездесу барысында студенттер көкейінде жүрген түрлі сұрақтарды қойып, пайдалы кеңестер алды. Шараға қатысушылар әлеуметтік жауапкершілік, білім беру, инновация және кәсіпкерлік тақырыптары туралы кеңінен талқылады.

Мирас Кесебаевтың айтқан әрбір сөзі жастарға жаңа серпін беріп, кәсіпкерлік әлеміне жаңа көзқараспен қарауға түрткі болды. Бұл кездесудің нәтижесінде қатысушылар өздерінің өмірлік бағыттарын жаңа қырынан қарастырып, жаңа жобалар мен бастамаларға деген ынталарын арттырды.