ТДМ-5: Стилист Мөлдір Алмасбекқызымен кездесу өтті
.jpeg)
24 қаңтар күні ұрақты даму мақсаттарында көрсетілген «Гендерлік теңдік» бағытын жүзеге асыру мақсатында «Сұңқар» студенттер мен магистранттар кәсіподағының жанынан құрылған «Sen Sulu» қыздар клубының ұйымдастыруымен стилист Мөлдір Алмасбекқызымен кездесу өтті.
Бұл кездесудің басты мақсаты — қыздардың өзін-өзі дамыту, сәнді әрі стильді болу арқылы ішкі сенімділіктерін арттыру болды. Кездесуде стилист өзінің пайдалы кеңестерімен бөлісіп, қыздардың сұрақтарына кеңінен жауап берді. Кездесудің негізгі тақырыбы – киім үйлестіру, түстерді дұрыс таңдау, сәнді аксессуарларды орынды қолдану және өз стилін табу жайында болды. Стилист Мөлдір Алмасбекқызы әр қатысушының жеке ерекшеліктерін ескеріп, сыртқы келбетті ерекше етіп көрсету жолдары туралы өз кеңестерін айтты. Шығармашылық, талғам және сәнге деген ерекше көзқарас – бәрі бір жерде тоғысты.
Бұл кездесуде қыздар тек сән мен стиль туралы ғана емес, сонымен қатар өзіне деген сенімділікті арттыру жолдарын да үйренді. Шығармашылық пен талғамды үйлестіре отырып, әрбір қыз өзіне сай ерекше образын жасауға болатынын түсінді. Стилист Мөлдір Алмасбекқызының шеберлік сыныбы қатысушыларға көп нәрсе үйретіп, олардың күнделікті өмірде өз стильдерін жақсартуға ықпал етті. Шара соңында қыздар жаңа біліммен толығып, бір-бірімен тәжірибелерін бөлісіп, бұл шараны жоғары бағалап қайтты.