Инженерлік Кейс-чемпионатқа қатысадыFarabi University

Инженерлік Кейс-чемпионатқа қатысады

13 ақпан, 2025

         Физикалық химия, катализ және мұнайхимия кафедрасының магистранттарынан  құралған екі команда (Ильяс С.Г., Маткир Ж.М., Ерсайнова Д.М., жетекшісі, аға оқытушы Бәкірова Б.С.) және (Нұрым Б.Д., Асқарұлы И., Аманжолов А. , жетекшісі, проф. Аубакиров Е.А. ) «Газпромнефть-МНПЗ (Мәскеу мұнай өңдеу зауыты.)» АҚ мұнай өңдеу саласындағы мамандандырылған бағыттар бойынша ұйымдастырған VI Инженерлік кейс-чемпионатқа қатысады. Бұл студенттердің өндірістік химиялық-технологиялық процестердегі   жағдайларды шешуге арналған тәжірибеге бағытталған сайыс болып табылады.

        Қатысушылар кейстің тақырыбын еркін түрде таңдап, ММӨЗ сарапшыларынан сұрақтарға жауап ала алады. Дайындалған шешім қашықтықтан жасалған презентация форматында сарапшылар комиссиясымен бағаланады.

 

Негізгі кезеңдер күнтізбесі:

 • 2025 жылдың 16 ақпанына дейін — кейс тақырыбын таңдап,

mnpz-op@gazprom-neft.ru поштасына қатысуға өтініш жіберу;

• 2025 жылдың наурыз-сәуір айлары — МНПЗ сарапшыларымен шешімдер әзірлеу;

• 2025 жылдың 21-25 сәуірі — чемпионат сарапшылары алдында финалдық қорғау.

 

Физикалық химия катализ және  мұнайхимия кафедрасының доцент м.а. Қанапиева Ф.М.