- Басты бет
- Жаңалықтар
- Физика-техникалық факультетте STEM саласындағы әйелдерді қолдауға бағытталған TechWomen бағдарламасы таныстырылды. ТДМ 5
Физика-техникалық факультетте STEM саласындағы әйелдерді қолдауға бағытталған TechWomen бағдарламасы таныстырылды. ТДМ 5

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің физика-техникалық факультетінде Халықаралық әйелдер мен қыздардың ғылымдағы күніне орай TechWomen халықаралық бағдарламасының таныстырылымы өтті. Бағдарламаны Светлана Пешая – 2022 жылғы TechWomen финалисі, физика-техникалық факультеттің ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі декан орынбасары таныстырды. TechWomen – АҚШ Мемлекеттік департаментінің Білім беру және мәдениет бағдарламалары бюросы (ECA) бастамасымен 2011 жылдан бері Халықаралық білім беру институтының (IIE) қолдауымен жүзеге асырылып келе жатқан бағдарлама. Ол Африка, Орталық және Оңтүстік Азия, сондай-ақ Таяу Шығыстағы ғылым, технология, инженерия және математика (STEM) салаларындағы әйел көшбасшыларды қолдауға, біріктіруге және дамытуға бағытталған.
TechWomen бағдарламасына қатысу әйелдерге халықаралық тәжірибеге, кәсіби мүмкіндіктер мен ресурстарға қол жеткізуге жол ашады. Бағдарлама STEM бағыттарында дамуға ынталандырып, білім мен тәжірибе алмасуға және жаһандық деңгейде кәсіби байланыстарды нығайтуға ықпал етеді. TechWomen бағдарламасының негізгі элементтері – наставничество мен халықаралық тәжірибе алмасу. Бұл қатысушыларға өз дағдыларын жетілдіруге, пікірлес мамандармен байланыс орнатуға және кәсіби табысқа жетуге көмектеседі. Бағдарлама аясында әйел ғалымдар мен мамандар жетекші әлемдік компаниялардың озық тәжірибесін зерттеп, өз жобаларын жүзеге асыруда қолдау алады.
TechWomen бағдарламасының таныстырылымы БҰҰ-ның №5 Тұрақты даму мақсаты – «Гендерлік теңдік» аясында өтті. Бұл шара ғылым мен технология салаларында әйелдер үшін тең мүмкіндіктердің маңыздылығын ерекше атап өтті.
Басқа жаңалықтар


