ЭБЖМ докторанттары үшін маңызды академиялық мәселелер талқыланды

ЭБЖМ докторанттары үшін маңызды академиялық мәселелер талқыланды
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Экономика және бизнес жоғары мектебінде жаңа оқу жылының басталуына орай докторанттарға арналған жиналыс өтті. Жиын барысында докторантураның оқу үдерісі, ғылыми-зерттеу жұмыстарының талаптары және академиялық саясаттың негізгі аспектілері талқыланды.
Кездесуді ЭБЖМ деканының міндетін атқарушы Г.Р. Даулиева ашып, докторанттарды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады. Ол жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік стандарттары, ҚР «Білім туралы» Заңы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студентінің ар-намыс кодексі және академиялық саясаттың негізгі ережелері туралы баяндама жасады.
ЭБЖМ деканының орынбасары Ж.Ж. Ермекова докторантурадағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының рәсімдері, докторлық дәрежелерді беру ережелері, диссертацияны рәсімдеу тәртібі, сондай-ақ докторанттардың шетелдік және отандық ғылыми кеңесшілеріне қойылатын талаптар жөнінде түсініктеме берді.
Докторанттар үшін маңызды ақпарат
Жиын барысында докторанттарға келесі маңызды мәселелер айтылды:
✅ Барлық нормативтік және процедуралық құжаттармен мұқият танысу қажет.
✅ Егер докторант магистратураны туыстас емес мамандық бойынша аяқтаған болса, деканатқа хабарласып, пререквизиттерді тапсыруға өтініш жазу қажет.
✅ Докторанттар үш папка дайындауы тиіс: УПАНККЕ, факультетке және жеке пайдалануға.
✅ Зерттеу тақырыбын алдын ала таңдап, отандық және шетелдік кеңесшілермен келісу маңызды.
✅ Тақырып пен ғылыми кеңесшілер нақтыланғаннан кейін, ЖОЖ үш тілде, кафедра мәжілісінің және Ғылыми кеңес мәжілісінің үзінділерін дайындау керек.
✅ Бірінші семестрде research proposal және әдеби шолудың алғашқы бөлімін әзірлеу қажет.
✅ Докторанттарға стипендия қазан айының соңында Халық банк карталарына екі айға беріледі.
Ғылыми-зерттеу жұмысының рәсімдері
Докторанттардың ғылыми-зерттеу жұмысы үш жыл ішінде мынадай кезеңдерден тұрады:
🔹 1-курс (Graduate seminar – 6 кредит)
- Зерттеу тақырыбын, мақсатын, міндеттерін, гипотезасын және әдістемесін анықтау
- Ғылыми жаңалығын негіздеу
- Әдеби шолу жасау
🔹 2-курс (Graduate seminar – 6 кредит)
- Теориялық және эмпирикалық зерттеулер жүргізу
- Зерттеу нәтижелерін бағалау
🔹 3-курс (оқудан шығарылу – 15 кредит)
- Халықаралық рецензияланған ғылыми журналда мақала жариялау міндетті
- Егер докторант мақала жарияламаса немесе Acceptance letter алмаса, 15 кредит бойынша аттестациядан өтпейді
Докторанттарға ғылыми-зерттеу жұмыстарына белсенді қатысу, халықаралық ғылыми журналдарда мақалаларын жариялау және диссертациялық зерттеулерін уақытылы аяқтау қажеттілігі ескертілді.
ЭБЖМ докторантура бағдарламасы сапалы білім мен ғылымға негізделген кәсіби дайындықты қамтамасыз етуге бағытталған. Барлық докторанттарға жаңа оқу жылында табысты зерттеулер тілейміз!
Басқа жаңалықтар

