Түркі әлемі постер байқауына өтінімдер басталды

Түркі әлемі журналистер федерациясының жетекшілігімен мемлекеттік мекемелердің, кәсіби ұйымдардың, университеттердің және баспасөз ұйымдарының қолдауымен оныншы Түрік әлемі деректі фильмдер фестивалі қарсаңына орай халықаралық постер байқауы жарияланды.
Түрік әлемі журналистер федерациясының ең маңызды серіктестерінің бірі Әл-Фараби Қазақ Ұлттық университеті, Журналистика факультеті, Баспасөз және Электронды БАҚ кафедрасы жылы сайын ұйымдастырылып келе жатқан, маңызды шараға кино жіне медиа мамандығы студенттермен қатар оқытушыларда белсенді қатысып келеді. Өткен жылғы фестивальде Неля Раушанованың жетекшілігімен Бауыржан Қосқантұлының қысқа метражды деректі фильмі үздіктердің қатарына енді. Сонымен қатар, Түркі әлемі деректі фильмдер фестивалі постер байқауына журналистика факультетінің Баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер кафедрасы ерекше қолдау көрсетіп, аталмыш іс шараға халықаралық төреші ретінде журналистика факультетінің Баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер кафедрасының аға оқытушысы Дәурен Мақсұтханұлы таңдалды. Талант студенттерімізде шараға өз туындыларымен қатыспақ. Түрік әлемі журналистер федерациясының төрағасы Мендерес Демир байқауға қатысты мәлімдемесінде: «Биыл 10-шы рет ұйымдастырылатын Түрік әлемі деректі фильмдер фестивалі аясында халықаралық постер байқауына өтініштер қабылдау басталды. «Байқаудан түркі әлемінің мәдени байлығын және фестивальдің 10 жылдығына орай фестиваль бейнесі бейнеленген постер дизайндарын күтеміз» деді.
Байқаудың басты мақсаты – постер дизайнының күшін пайдалана отырып, фестивальді насихаттау және түркі әлемінің мәдени мұрасын көрнекі дастарханмен таныстыру. Жеңімпаз постер фестивальдің әлеуметтік желідегі аккаунттарында, баспасөз материалдарында, төсбелгілерде, қазылар алқасының жарнамалық көрнекіліктерінде және басқа да жарнамалық платформаларда қолданылады. Сондай-ақ финалист фильмдердің жарнамалары мен марапаттау рәсімінің материалдарында көрсетіледі.Байқауға қатысатын постердер бұрын ешбір байқауда, көрмеде немесе платформада жарияланбауы керек. Түркі әлемі тақырыбы мен фестивальдің 10 жылдығы постердердің негізгі тақырыбы болу керек. Постердерде фестивальдің ресми логотипі және 10 ел (Түркия, Әзірбайжан, Босния және Герцеговина, Қазақстан, Қырғызстан, Венгрия, Солтүстік Македония, Өзбекстан, Түркіменстан және Солтүстік Корея) және 10 қала болуы керек. Әрбір дизайнер конкурсқа ең көбі үш постермен қатыса алады.
Байқауға қатысқысы келетіндер 2025 жылдың 15 сәуіріне дейін https://www.turkbelgesel.com/ сайтына жұмыстарын жібере алады. 10 мың лира сыйақы беретін байқаудың қорытындысы 2025 жылдың 21 сәуірінде жарияланады. Байқауға алдын ала іріктеуді Фестивальдің атқару комитеті жүргізеді. Кем дегенде үш түрлі елден бес сарапшыдан тұратын қазылар алқасы жеңімпаз жұмысты анықтайды. Марапатталған және көрмеге лайық деп танылған 10 постер фестиваль галасына қойылады. Байқауға қатысатын барлық дизайнерлер өз туындыларының авторлық құқықтарын фестиваль басшылығына тапсырғанын қабылдады деп есептеледі. Жұмыстарды фестиваль басшылығы білім беру және ақпараттық мақсаттарда пайдалана алады. Байқау ерекшеліктері мен өтінімге қатысты барлық мәліметтерді https://www.turkbelgesel.com/haberler/afisyarismasi сайтынан ала аласыз.
Басқа жаңалықтар

