«Теория мен тәжірибенің үндесуі – ҚазҰУ студенттерінің Корея Республикасындағы білім беру орталығында кәсіби тәжірибе алуы»Farabi University

«Теория мен тәжірибенің үндесуі – ҚазҰУ студенттерінің Корея Республикасындағы білім беру орталығында кәсіби тәжірибе алуы»

25 ақпан, 2025

Өндірістік практика – бұл білім алушының теориялық білімдерін өндірістік ортада қолдану, кәсіби дағдыларын дамыту, сондай-ақ нақты өндірістік жағдайларда жұмыс істеу тәжірибесін алу процесі. Бұл процесс студенттер үшін өздерінің кәсіби салада жұмыс істеуге дайын екенін тексеруге, әрі болашақта мансаптық жолдарын анықтауға мүмкіндік береді.

Осы бағытта 2025 жылдың 20 қаңтарынан 15 наурызына дейінгі аралықта  әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің,  Шығыстану факультеті, Қиыр Шығыс кафедрасының 4 курс студенттерін Корея Республикасы елшілігі жанындағы білім беру орталығында өндірістік тәжірибеден өту ұйымдастырылған.

Білім алушылар  осы тәжірибеден өту барысында  кәсіби тәжірибе жинақтауға және теориялық білімдерін іс жүзінде қолдануға мүмкіндік ала алады. Практика барысында студенттер түрлі өндірістік процестер мен жұмыс әдістерімен танысады, сол арқылы өздерінің дағдыларын арттырады. Тәжірибе кезінде студенттер ұжымда жұмыс істей отырып, командалық жұмыстың маңыздылығын түсінуде.

Бұл тәжірибе студенттерге өз кәсібінде жетістікке жету үшін қажет дағдыларды игеруге, сондай-ақ еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болуға септігін тигізеді. Өндірістік практика білім мен тәжірибені ұштастырып, студенттерді кәсіби деңгейде даярлайды.