Жаңа джинсы немесе қоршаған ортаны сақтау?Farabi University

Жаңа джинсы немесе қоршаған ортаны сақтау?

28 ақпан, 2025

 2025 жылдың 25 ақпанында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ іргелі медицина кафедрасының “Жалпы медицина”- 23-07 тобының студенттерімен 12-ші Тұрақты даму мақсаты (ТДМ) талқыланды. Талқылау тақырыбы – “Тұтыну мен өндірістің тұрақты үлгілеріне көшуді қамтамасыз ету”, аталған тақырып тыңдаушылардың үлкен қызығушылығын тудырды. Іш-шара барысында мәселенің ауқымы мен оны шешу жолдары туралы қызықты деректерді қамтыған презентация, сондай-ақ,  БҰҰ-ның ізгі ниетті елшісі, танымал актриса Мишель Йенің қатысуымен сән индустриясында 12-ші Тұрақты даму мақсатын жүзеге асыру туралы деректі фильмнің тұсаукесері қызу пікірталас тудырды. Үндістан, Бангладеш, Моңғолия және Иран студенттері осы мәселені шешу бойынша өз ұсыныстарын білдірді. 

Іс-шараны ұйымдастырушы және жүргізуші кафедра доценті Шаяхметова А.Р.