Жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру

Педагогикалық практика аясында М.Әуезов музейінде «Құрлық экожүйесін сақтау» бағыты бойынша және «Жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру перспективалары» тақырыбы бойынша ашық тәрбие сағаты өтті.
Бұл маңызды іс-шара филология ғылымының кандидаты, қауымдастырылған профессор С.В.Ананьеваның жетекшілігімен, «Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығының 1-курс докторанттарымен, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ филология факультетінің Орыс филологиясы, орыс және әлем әдебиеті кафедрасымен ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында спикер ретінде «Greenup.kz» қоғамдық қорының атқарушы директоры, «Бірге» Recycle экологиялық қозғалысының негізін қалаушы Пакизат Сайлаубекова және С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ студенттері – еріктілер Фариза Дәулетбайқызы мен Әмина Ерболған сөз сөйледі.
Спикер мен еріктілер, сонымен қатар ҚазҰУ-дың филология факультетінің студенттері «Экология мен өскелең ұрпақтың өзара іс-қимылының рөлі» атты өзекті тақырыпты талқылады, сондай-ақ әрбір адамның планетамыздың және қаламыздың экожүйесіне қосқан үлесі арқылы экологияны сақтау мүмкіндіктерін қарастырды. Студенттер экологияны қорғау, су, электр энергиясы және жалпы табиғи ресурстар мен байлықты сақтау шаралары туралы өз тәжірибелерімен бөлісті. Қатысушылар қазіргі таңда жастардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудың жаңа перспективаларын ашты.
Шара соңында студенттер спикерге өзекті сұрақтар қойып, тақырып бойынша пікір алмасты. Жастардың экологиялық мәселелерге көзқарасы мен ойлары айтылды. Тәрбие сағатында қазіргі таңдағы өзекті экологиялық мәселелер аталып қана қоймай, олардың нақты шешімдері ұсынылды.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі
Басқа жаңалықтар

