BGI Genomics делегациясының әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға сапарыFarabi University

BGI Genomics делегациясының әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға сапары

4 наурыз, 2025

     Бүгін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне әлемдегі геномдық зерттеулер саласындағы жетекші компаниялардың бірі - BGI Genomics компаниясының Бас директоры мен оның көмекшісі келді. Делегация биотехнология кафедрасы, молекулалық биология кафедрасы, Жерді қашықтықтан зондтау орталығы (ЖҚЗ), Суперкомпьютер және Farabi Hub жұмысымен танысты.

     Кездесу барысында геномдық зерттеулер, био информатика және биотехнология саласындағы ынтымақтастықтың келешегі, сондай-ақ бірлескен ғылыми жобалар мен академиялық алмасулар мүмкіндіктері талқыланды.
     ҚазҰУ халықаралық байланыстарды нығайтып, ғылым мен білімге заманауи технологияларды енгізуді жалғастыруда.