- Басты бет
- Жаңалықтар
- Қысқы мектеп – 2025: Логистика мен қаржыны басқарудағы ESG қағидаттары және тұйық циклді экономика жағдайындағы стратегия
Қысқы мектеп – 2025: Логистика мен қаржыны басқарудағы ESG қағидаттары және тұйық циклді экономика жағдайындағы стратегия

Қазіргі әлемде тұрақты даму бизнес пен экономиканың басты бағытына айналуда. Осы тұрғыда ESG (Экологиялық, Әлеуметтік жәнеКорпоративтік басқару) логистикалық үдерістермен қаржыны басқаруда маңызды рөл атқарады.
2025 жылғы 26 ақпан мен 7 наурыз аралығындаӘл-Фараби атындағы Қазақ ұлттықуниверситетінің Жоғары бизнес мектебінде «ESG – логистика мен қаржыны басқару қағидаттары: тұйық циклді экономика жағдайындағы даму стратегиясы» тақырыбында Қысқы мектеп өтті. Оған Бішкек қаласындағы Ж. Баласагын атындағыҚырғыз ұлттық университетінің оқытушыларықатысты https://www.knu.kg/ky/ru/
Қатысушылар тұрақты даму тәжірибелеріненгізудің өзекті мәселелеріне терең үңіліп, озықтәжірибелерді талқылап, ESG стратегияларыаясында жобаларды қаржыландыру механизмдерінзерттеді.
Бұл іс-шара логистика, қаржы, корпоративтікбасқару саласындағы мамандарға, сондай-ақ ESG саласындағы білімін жетілдіруге ұмтылған жасзерттеушілерге пайдалы болды. Қысқы мектептәжірибе алмасу, өзекті мәселелерді талқылау жәнелогистика мен қаржыны басқару саласындастуденттерді даярлаудың жаңа тәсілдерінқалыптастыру алаңына айналды.
Халықаралық ынтымақтастық әл-Фарабиатындағы Қазақ ұлттық университеті мен Ж. Баласагын атындағы Қырғыз ұлттық университетіарасындағы Өзара түсіністік туралы меморандум аясында жүзеге асырылды.
Ұйымдастырушылар:
Ахметова З.Б.
Сартова Р.Б.
Рысбаева Б.Б.
Басқа жаңалықтар

