Эмиль МамлеевFarabi University

Эмиль Мамлеев

8 наурыз, 2025

Эмиль Мамлеев – техника ғылымдарының докторы (Dr.-Ing.), материалтану және нанотехнологиялар саласындағы маман. 1991 жылғы 26 қазанда дүниеге келген. Білімін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде алды (бакалавр, 2009–2013), кейін Германиядағы Киль университетінде магниттік қабыршақтар тақырыбы бойынша магистрлік диссертация қорғады (2013–2016). 2023 жылы Карлсруэ технологиялық институтында (Германия) инженерия докторы дәрежесін алды, диссертациясының тақырыбы – «Биосенсорика үшін лазерлік индукцияланған карбонизация».

2024 жылдан бастап Карлсруэ технологиялық институтының Микроқұрылым технологиясы институтында (Германия) аға ғылыми қызметкер болып жұмыс істейді. Бұған дейін Vishay Semiconductor GmbH компаниясында инженер-технолог, сондай-ақ Фрайбург қаласындағы Микрожүйелер технологиясы институтында ғылыми қызметкер болған. 2012–2013 жылдары ҚазҰУ Ұлттық нанотехнологиялық зертханасында кіші ғылыми қызметкер болып жұмыс істеді.

Ғылыми зерттеулерінің негізгі бағыттары: көміртекті наноматериалдарды әзірлеу, микроэлектромеханикалық жүйелер (MEMS), биосенсорлар, плазмохимиялық жабын технологиялары, рентгендік спектроскопия және лазерлік технологиялар. ACS Applied Nano Materials, npj Flexible Electronics, IEEE Magnetics Letters сияқты беделді халықаралық журналдарда мақалалары жарияланған.

Халықаралық ғылыми конференцияларға белсенді қатысады (Transducers, IEEE IFETC, Diamond and Carbon Materials). Орыс, ағылшын және неміс тілдерін еркін меңгерген.

Басқа жаңалықтар