Ұлттық киімдер күні!Farabi University

Ұлттық киімдер күні!

18 наурыз, 2025

Наурыз мерекесіне орай ерекше челлендж!

«Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық» кафедрасы сіздерді ұлттық киімдер күніне шақырады! Бұл ерекше мереке халқымыздың мәдениеті мен дәстүрін дәріптеу, ұрпақтар арасындағы байланысты нығайту үшін маңызды күн.

Ұлттық киімдер – біздің тарихымыз бен мәдениетіміздің ажырамас бөлігі. Бұл күні біз өзіміздің төл өнерімізді, салт-дәстүрімізді көрсету арқылы еліміздің рухани байлығын ұлықтаймыз. Ұлттық киімдерімізді киіп, ұлтымызға деген құрметімізді білдіріп, бірлігімізді нығайтуға атсалысайық!

Бұл іс-шара Тұрақты даму мақсаттарының 4-ші мақсаты — «Сапалы білім беру» мен 16-шы мақсаты — «Бейбітшілік, әділдік және мықты институттар» аясында жүзеге асады. Ұлттық киімдер күні арқылы жастарымыз ұлттық мәдениеттің маңыздылығын түсініп, бейбітшілікті, әділдікті, және бірлікті нығайтуға өз үлестерін қосады.

Баршаңызды осы ерекше мерекемен құттықтаймыз! Ұлттық дәстүрлерімізді сақтау арқылы білімімізді тереңдетіп, бейбітшілік пен әділдікті құруға бірге қадам жасайық!

«Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық» кафедрасы

#наурыз2025#наурыз2025