ТДМ 17. Тұрақты даму үшін серіктестік. Кафедра ЖИжәнеБДFarabi University

ТДМ 17. Тұрақты даму үшін серіктестік. Кафедра ЖИжәнеБД

27 ақпан, 2025

27.02.2025 ж. Жасанды интеллект және Big Data кафедрасының аға кураторы Шолпан Тлетайқызы өзінің Деректер туралы ғылым мамандығының 24-01 тобы, 1 курс  студенттерімен «XXI ғасыр көшбасшысы» жобасының көрермендері болып, сайысқа қатысушыларға жанкүйер болып қайтты.

   Алматы қаласында «Хабар» Агенттігі және ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының қолдауымен  Ш. Айманов атындағы  Қазахфильм киностудиясында «ХХІ ғасыр көшбасшысы» интеллектуалдық ойыны жобасының республикалық кезеңі өтті.

«XXI ғасыр көшбасшысы» жобасы — жастардың көшбасшылық қасиеттерін дамытуға, олардың әлеуметтік және кәсіби өмірге дайын болуына бағытталған бағдарламалардың бірі.

Бұл жоба жастарды әлеуметтік және кәсіптік өмірде белсенді болуға, сондай-ақ ұлттың дамуына өз үлестерін қосуға ынталандырады. Жоба арқылы жас ұрпақтың құндылықтары мен білімін арттыру, олардың көшбасшылық қасиеттерін ашу — елдің болашақта тұрақты әрі табысты дамуына негіз болады.

Ақтық сайысы болып 3 оқушы грант сертификатын және 3 оқушы 150000 тг ақшалай сыйлық сертифткатын ұтып алды. Сертикикаттарын табыстауға оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев марапаттап берді.

Ұйымдастырушы: Аға Куратор-эдвайзер Шолпан Тлетайқызы.