Туристік құрал-жабдықтар дүкенінде аудиториядан тыс сабақ өтілді
20 наурыз, 2025
19 наурыз күні Рекреациялық география және туризм кафедрасының оқыушылары Бейсахмет А.А., Әділбай Б.С. ұйымдастыруымен «Туризмнің белсенді түрлерін ұйымдастыру» пәнінен оқу жоспарына сәйкес 1 курс студенттері үшін туристік құрал-жабдықтар дүкенінде аудиториядан тыс сабақ өткізілді.
Сабақтың мақсаты – 1 курс студенттерін жазғы оқу-жаттығу жорығына дайындау, жорыққа қажетті жабдықтармен таныстыру және оларды дұрыс пайдалану дағдыларын қалыптастыру. Сонымен қатар студенттерге туристік құрал-жабдықтардың түрлері, олардың қолдану тәсілдері түсіндірілді.
Басқа жаңалықтар

1 сәуір, 2025

31 наурыз, 2025