МЕНЕДЖМЕНТ КАФЕДРАСЫНДА ДОКТОРЛЫҚ ДИССЕРТАЦИЯНЫ КЕЗЕКТІ ҚОРҒАУ
20 наурыз, 2025

«ТДМ-8 Лайықты жұмыс және экономикалық өсу». 2025 жылғы 17 наурызда э.ғ. д., ҚазҰУ "Экономика"кафедрасының профессоры Б. М. Мұхамедиевтің төрағалығымен диссертациялық кеңесте философия докторы(PhD) дәрежесін алу үшін Мышбаева Земфира Төлегенқызы "Қазақстан Республикасында ерекше қажеттіліктерібар адамдарды жұмыспен қамтуды мемлекеттік реттеу" тақырыбында диссертацияны сәтті қорғады.Диссертацияның отандық ғылыми кеңесшісі Сокира Т.С., э.ғ.к., ҚазҰУ "Менеджмент" кафедрасының доценті:шетелдік ғылыми кеңесші - философия докторы (PhD), Орадей университетінің профессоры (Румыния)Бадулеску Даниэль.) Қорғауға қатысқан диссертацияның ресми рецензенттері Доскеева Г.Ж., э. ғ. д., Нархозуниверситетінің профессоры (Алматы қ., Қазақстан) және Окутаева С.Т., философия докторы (PhD), AstanaInternational University доценті (Астана қ., Қазақстан) қорғауға ұсынылған диссертацияға оң баға берді.
Диссертацияны талқылау барысында З.Т. Мышбаеваның диссертациясының тақырыбы өте өзекті екені атап өтілді, БҰҰ-ға мүше барлық мемлекеттер қабылдаған тұрақты даму мақсаттары: барлығы үшін толық және өнімді жұмыспен қамту және лайықты жұмыс істеуге жәрдемдесуге деген сегізінші мақсатқа жетудегі ҚазақстанРеспубликасының ұмтылысын көрсетеді. Диссертациясын қорғаған З.Т. Мышбаева "Жас Ғалым" гранттыққаржыландыру конкурсының жеңімпазы болып табылады және кафедрада постдокторант ретінде жұмысынжалғастырады.
Басқа жаңалықтар

18 сәуір, 2025

18 сәуір, 2025