.jpg)
ТДМ - 3,4 – «Жақсы денсаулық және әл-ауқат», «Сапалы білім» мақсаттарына сәйкес 18.03.2025 «Экономика» кафедрасының 6В04109 – «Цифрлық экономика» мамандығының 1-курс студенттері арасында «Наурызнама» онкүндігі аясында «Ұлттық киімдер» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Іс-шараның мақсаты – студенттерді қазақ халқының ұлттық киімдерінің ерекшеліктерімен, олардың тарихы мен мәдени мәнімен таныстыру, сондай-ақ ұлттық мұраны құрметтеуге тәрбиелеу.
Тәрбие сағаты барысында студенттер қазақ ұлттық киімдерінің түрлері, олардың қолданылу ерекшеліктері мен сәндік мәні туралы мағлұмат алды. Сонымен қатар, ұлттық киімдердің заманауи мәдениеттегі орны мен оның маңыздылығының адамдардың өміріне қажеттілігі айтылды. Шара аясында тақырыптық презентация ұсынылып, қызықты деректер арқылы ұлттық киімдердің сәндік ерекшеліктері талқыланды.
Бұл іс-шара студенттердің ұлттық мәдениет туралы білімін кеңейтіп, олардың ұлттық мұраны бағалау және сақтау дағдыларын дамытуға ықпал ететіні сөзсіз.
Іс-шараны ұйымдастырушы: «Экономика» кафедрасының аға оқытушысы, PhD Г.К.Иляшова.
Басқа жаңалықтар

