.jpg)
19 қаңтар 2025 жылы Ақтөбе облысы, Темір ауданы «Кеңесту негізгі Орта мектебінде» әл-Фараби атындағы КазҰУ ЭжБЖМ экономика кафедрасының бастауымен кәсіби бағдар беру бағдарламасы орайында «Мамандық – өмір таңдауы» атты мамандықтар туралы кәсіби бағдар беру шарасы өтті. Бұл іс-шараның мақсаты – болашақ мектеп түлектеріне қазіргі еңбек нарығында сұранысқа ие экономикалық мамандықтар туралы егжей-тегжейлі айтып беру, сондай-ақ олардың қабілеттері мен қызығушылықтарына сәйкес келетін мамандық таңдаудағы бағытты көрсету.
Іс-шараны жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін Кеңесту негізгі Орта мектебінің директоры Дүзелбаева Гүлбану оқу ісі жөніндегі орынбасары Тлеубаева Алмагүлге шынайы алғысымызды білдіреміз!
Шара барысында э.ғ.к., аға оқытушы Тураров Д.Р. дистанционды түрде іс-шараға қосылып, қазіргі жағдайда жоғары оқу орынында білім алып, кәсіби маман иесі болудың маңыздылығы туралы және «Экономика» және «Цифрлық экономика» мамандықтары жайында кеңес берді. ҚазҰУ-дың Экономика мамандығы 4-курс студенті Сағынбаева Әсем сөз сөйлеп, болашақ мамандық таңдаудың маңыздылығы мен университеттегі оқу тәжірибелері туралы өз әсерлерімен бөлісті.
Қорытындылай келгенде бұл іс-шара ТДМ: 4 – «Сапалы білім беру» және 8 – «Лайықты жұмыс және экономикалық өсу» көрсеткіштеріне сай ұйымдастырылған. Бұл іс-шара оқушылардың кәсіби дағдыларын шыңдап, болашақта ЖОО және мамандық таңдауға үлкен көмек болды!
Ұйымдастырушылар: Экономика кафедрасының меңгерушісі Кондыбаева С.К, кафедра оқытушылары Нұрғазы Ш.Ә., Есенгелдиева Г.Т., Андабаева Г.К., Иляшова Г.К., Тураров Д.Р., Кулиев И.У.
Басқа жаңалықтар

