
Наурызнама аясында табиғатқа деген сүйіспеншілікті арттыру!
Жердің көгеріп, жасыл желекке оранған тамаша мезгілде, «Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық» кафедрасы ҚазҰУ қалашығында ағаш отырғызу шарасын ұйымдастырды. Бұл іс-шара Тұрақты даму мақсаттарының 13-ші — «Климаттың өзгеруімен күрес» және 15-ші — «Құрғақшылыққа қарсы күрес және экожүйелерді сақтау» мақсаттары аясында өтті.
Кафедра меңгерушісі з.ғ.к. Усеинова К.Р., з.ғ.д., профессор Кегембаева Ж.А., з.ғ.м. Абдықадыр Ұ.Б. 1-ші курс студенттерімен бірге университет айналасын көріктендіру мақсатында тамаша іс-шара ұйымдастырды. Барша қатысушылар табиғатқа деген құрмет пен жауапкершілікті көрсетіп, университеттің қоршаған ортасын жасыл желекке бөледі.
Наурыз — жаңару, өсу және үміт мерекесі. Осы шара арқылы кафедра ұжымы мен студенттеріміз еліміздің экологиялық жағдайын жақсартуға өз үлестерін қосты. Әр ағаштың көктеуі мен өсуі біздің ортақ болашағымызға, табиғатымызға деген қамқорлығымыздың көрінісі.
Табиғат аясында жаңарғандай болайық! Әрқайсымызға өркендеу мен сәттілік тілейміз!
«Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық» кафедрасы
#наурыз2025#наурыз2025
Басқа жаңалықтар
