.jpg)
Наурыз мерекесі қарсаңында (20.03.2025 ж.) Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Экономика және бизнес жоғары мектебінде «Экономика» және «Цифрлық экономика» мамандығы студенттерінің қатысуымен «Ұлттық киім күні» іс-шарасы өтті.
Іс шара барысында қатысушы оқытушылар мен студенттер қазақтың ұлттық киімдерін киіп, олардың тарихы мен ерекшеліктері туралы ақпарат алды. Сонымен қатар, студенттер ұлттық киімдердің дәстүрлі мәдени маңызы мен олардың заманауи үлгідегі түрлері туралы пікір алмасты.
Қорытындылай келгенде,“Қазақ ұлттық киімдер күні” шарасы ата-бабаларымыздың мұрасын дәріптеп қана қоймай, жастар арасында ұлттық құндылықтарға деген құрмет пен қызығушылықты арттыруға ықпал етті. Осындай бастамалар Еліміздің ұлттық бірегейлігің нығайтуға және мәдени мұраны сақтау, ары қарай дамыту мен насихаттауға үлкен үлес қосады.
Ұйымдастырушылар: ЭжБЖМ деканы Г.Р. Даулиева, Эдвайзерлер: Кулиев И.У,Әбділда С.К Тураров Д.Р, Антаев Ж.Т және «Экономика», «Цифрлық экономика» мамандығы, 1-курс студенттері.
Басқа жаңалықтар

