Наурыз мерекесі – салт-дәстүрдің алтын діңгегіFarabi University

Наурыз мерекесі – салт-дәстүрдің алтын діңгегі

24 наурыз, 2025

Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының оқытушылары Мұқанова Г.А. және Абдибаттаева М.М. жетекшілігімен 8D05205 – Геоэкология және ТПБ ББ 1-курс докторанттарының ұйымдастыруымен педагогикалық практика барысында 23 наурыз күні «Наурыз мейрамы – салт-дәстүрдің алтын діңгегі» атты тәрбиелік іс-шара өтті. Ұлыстың ұлы күнін атап өту мақсатында ұйымдастырылған бұл шараға студенттер, оқытушылар және қонақтар жиналды.

Іс-шараның басты мақсаты – ұлттық салт-дәстүрді дәріптеу, қазақ халқының мәдени құндылықтарын жаңғырту және жастар арасында ұлттық сана-сезімді нығайту. Қатысушылар ұлттық киім киіп, Наурыздың көркін аша түсті.

Мерекелік кеш барысында:

  • Наурыз туралы тағылымды әңгімелер айтылды
  • Ұлттық ойындар ойнатылып, салт-дәстүрлер көрсетілді
  • Дәстүрлі тағамдар ұсынылып, наурызкөже таратылды

Наурыз – ынтымақ пен бірліктің, жаңа бастамалар мен ізгілікке деген ұмтылыстың символы. Осындай игі шаралар жастарға ұлттық мәдениетті бойына сіңіруге, дәстүрімізді қастерлеуге үлкен ықпал етеді.

https://www.instagram.com/p/DHket82i32U/?igsh=dGhlemNyeXRnY3d5