- Басты бет
- Жаңалықтар
- ТДМ 11: «Тұрақты қалалар мен қауымдастықтар» – мәдениет пен өнердің қоғамдағы орны, театрдың қоғамға әсері мен оның даму болашағы талқыланды.
ТДМ 11: «Тұрақты қалалар мен қауымдастықтар» – мәдениет пен өнердің қоғамдағы орны, театрдың қоғамға әсері мен оның даму болашағы талқыланды.

2025 жылдың 18 наурызда Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Азаматтық құқық, азаматтық іс жүргізу және еңбек құқығы» кафедрасының оқытушысы Советхан Ш.Д. жетекшілігімен 107 топ студенттері театр актерімен кездесті.
�� Кездесу барысында студенттер актердің шығармашылық жолы, театр және кино саласындағы тәжірибесі туралы құнды ақпарат алды. Сонымен қатар, ол «Махаббат, қызық мол жылдар» атты спектакльдегі рөлі, дайындық үдерісі және сахна өнерінің ерекшеліктері туралы әңгімеледі.
�� Бұл кездесу студенттерге актерлік кәсіптің қыр-сырын түсінуге, сахналық өнерге деген қызығушылықтарын арттыруға және мәдени ой-өрістерін кеңейтуге мүмкіндік берді.
�� Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, заң факультеті, «Азаматтық құқық, азаматтық іс жүргізу және еңбек құқығы» кафедрасы
Басқа жаңалықтар

