ТДМ 11: «Тұрақты қалалар мен қауымдастықтар» – мәдени мұраны сақтау және оны келешек ұрпаққа жеткізу маңыздылығы туралы түсініктерін қалыптастыру мақсаттарына сәйкес Ә. Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейіне бардық.Farabi University

ТДМ 11: «Тұрақты қалалар мен қауымдастықтар» – мәдени мұраны сақтау және оны келешек ұрпаққа жеткізу маңыздылығы туралы түсініктерін қалыптастыру мақсаттарына сәйкес Ә. Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейіне бардық.

26 наурыз, 2025

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультеті, «Азаматтық құқық, азаматтық іс жүргізу және еңбек құқығы» кафедрасының оқытушысы Советхан Ш.Д. жетекшілігімен 107 топ студенттері Ә. Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейіне бардық.

�� Бұл шара БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ) сәйкес келетін маңызды бағыттарды қамтыды. Атап айтқанда:

�� ТДМ 4: «Сапалы білім» – студенттер өнер арқылы тарихи және мәдени білімдерін кеңейтіп, шығармашылық ойлау қабілеттерін дамытты.

�� ТДМ 11: «Тұрақты қалалар мен қауымдастықтар» – мәдени мұраны сақтау және оны келешек ұрпаққа жеткізу маңыздылығы туралы түсініктерін қалыптастырды.

�� Бұл тәжірибе студенттердің эстетикалық талғамын жетілдіріп, олардың өнер мен мәдениетке деген қызығушылығын арттырды. Сонымен қатар, олар музейдегі туындылармен танысу арқылы тарихи және құқықтық контекстегі мәдени ескерткіштердің құндылығын түсінді.

�� Ә. Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейі – Қазақстандағы ең ірі көркемсурет мұражайы, елдің мәдени және рухани орталықтарының бірі. Музейде қазақ бейнелеу өнерінің негізін қалаушылардың жұмыстары, сондай-ақ әлемдік өнер туындылары сақталған. Ә. Қастеев есімімен аталған бұл мекеме ұлттың көркем мұрасын зерттеуге және насихаттауға зор үлес қосуда.