IV Халықаралық Фараби форумы аясындағы Республикалық байқау мәресіне жеттіFarabi University

IV Халықаралық Фараби форумы аясындағы Республикалық байқау мәресіне жетті

28 наурыз, 2025

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Философия және саясаттану факультеті дәстүрлі IV Халықаралық Фараби форумы аясында 8-11 сынып оқушылары мен колледж студенттерінің арасында 2025 жылғы 5-28 наурызда ұйымдастырған Әбу Насыр әл-Фараби мұрасы бойынша «Ең үздік ғылыми жоба» республикалық байқауы мәресіне жетті. Байқауға мектеп оқушылары мен колледж студенттерінің әл-Фараби философиясындағы адамгершілік пен этика мәселелері, әл-Фараби еңбектеріндегі логика және оның қазіргі білім саласында қолданылуы  тақырыптарында жазылған ғылыми жобалары келіп түсті. 

Байқау қорынытындысы бойынша бірінші орын Алматы облысы Жамбыл ауданы Қарғалы ауылы Қ. Әбсәметов атындағы орта мектептің 9-сынып оқушысы Молдабекова Ажардың «Әл-Фарабидің гуманистік идеяларының қазақ мәдениетіндегі көрінісі» тақырыбындағы ғылыми жобасына берілді, ғылыми жетекшісі Молдажанова Назым Қанайбекқызы. Екінші орынды иеленген оқушылар: Алматы облысы Жамбыл ауданы Қарғалы ауылы Қ. Әбсәметов атындағы орта мектеп 11-сынып оқушысы Толыбай Аяулым, тақырыбы: «Әл-Фараби философиясындағы адамгершілік пен этика мәселелері»,  ғылымы жетекшісі: Нурекеева Роза Абыллаевна. Талғат Аружан, Алматы қаласы Медеу ауданы №7 жалпы білім беретін мектептің 8 «Б» сынып оқушысы, тақырыбы: «Әл-Фараби философиясындағы логика», ғылымы жетекшісі: Мұхаметжан Сәуле Ахметжанқызы. Үшінші орынды иеленгендер: Алматы телекоммуникация және машина жасау колледжінің 1 курс студенттері Рахмет Мағжан, ғылыми жетекшісі: Таджикулова Рауза Абдикеримқызы, Мотан Жаннұр Нұрланұлы, ғылыми жетекшісі: Абирова Шынар Абдиваисовна, Алматы автомеханика  колледжінің  2 курс студенті  Халыков Әли, ғылыми жетекшісі: Жалелова Айжан Жалеловна.

Жоба жеңімпаздары дипломдармен марапатталды және әл-Фарабидің кітаптары сыйға берілді. Жоба жеңімпаздарын дінтану және мәдениеттану кафедрасы меңгерушісінің орынбасары, филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Балтымова Мира Рашидқызы мен аталған кафедраның аға оқытушысы Майлыкутова Мәрия Жұмақожақызы марапаттады және алдағы ғылыми ізденістеріне сәттілік тіледі. Жүлдегер оқушылардың ұстаздары сөз сөйлеп, университет ұжымына алғысын білдірді.