ТДМ-4: «Көмек» ҚҚ «Менің бауырым» жобасын өткізді

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті «Көмек» қоғамдық қоры 4 қазан күні «Менің бауырым» жобасын өткізді. Бұл шара бойынша қор еріктілері №81 мектеп-гимназиясына барып, ұстаздар күніне орай ашық сабақ ұйымдастырды.
Жобаның басты мақсаты оқушыларға ұстаздарын құрметтеуді дәріптеу, ұстаздықтың маңыздылығын түсіндіру. Өз уақытын аямай, шәкірт уақытын аялайтын асыл ұстаздардың қоғамдағы орны мен дәрежесін айқындап, олардың атқаратын жұмыстарын бағалау маңызды екеніне еріктілер баса назар аударды.
Ашық сабақ барысында оқушылар топқа бөлініп, әр түрлі тақырыпта жобаларын қорғады. Сонымен қатар, жағдаяттық тапсырмалар орындап, түрлі ойындар ойнап, кері байланыс жасалды. Сабағымыз оқушыларға өз пайдасын тигізді.
«Менің бауырым» жобасы алдағы уақытта да өз жұмысын жалғастырып, қоғамға пайдалы түрлі шаралар өткізбек!