ТДМ-4: Университетіміздің жастар арасында «Stand Up» жобасы өтті

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Филология факультеті «Сұңқар» студенттер мен магистранттар кәсіптік бюросының ұйымдастыруымен 1 сәуір күні «Stand Up» жобасы өтті.
Күлкі күніне қарсы бұл шара студенттер арасында ерекше қызығушылық тудырып, аудиторияны бір серпілтіп тастады. Шара барысында жас таланттар өздерінің әзіл-қалжыңға құрылған қойылымдарын ұсынып, күнделікті өмірден алынған қызықты оқиғаларымен бөлісті. Әрбір қатысушының өзіндік стилі мен әзіл айту мәнері көрермендерді тәнті етті. Ойынға құрылған стендап қойылымдар студенттердің тапқырлығы мен креативті ойлау қабілетін көрсетіп, кештің қызықты өтуіне ықпал етті.
Бұл кеш тек әзіл-қалжыңмен шектеліп қана қоймай, студенттердің шығармашылық қабілетін дамытуға, көпшілік алдында еркін сөйлеу дағдыларын шыңдауға және жаңа таланттарды анықтауға үлкен мүмкіндік берген ерекше жоба болды.
Жобаны ұйымдастырған барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз!