- Басты бет
- Жастар ұйымдары
- 4.ТДМ-4: «Фараб» оқырмандар клубының ұйымдастыруымен «Кітап оқу жарысының» қорытынды кеші өтті
4.ТДМ-4: «Фараб» оқырмандар клубының ұйымдастыруымен «Кітап оқу жарысының» қорытынды кеші өтті

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті «Сұңқар» студенттер мен магистранттар кәсіподағы жанынан құрылған «Фараб» оқырмандар клубының ұйымдастыруымен 26 наурыз күні «Кітап оқу жарысының» қорытынды кеші өтті.
Кеш барысында қатысушылар білімін, жылдам ойлау қабілетін және шығармашылық мүмкіндіктерін сынап, өздерін жан-жақты көрсете алды.
Жобаның бірінші кезеңінде қатысушылар онлайн тест арқылы өз білімдерін тексерсе, екінші кезеңде «Жылдам ой, нақты жауап» викторинасында шапшаңдық танытып, сұрақтарға мүмкіндігінше жылдам әрі дұрыс жауап беруге тырысты. Ал ең шығармашыл сәт үшінші кезеңде басталды. Қатысушылар «Автор орнында болсам…» тапсырмасында өз қиялына ерік беріп, шығарманы жаңа, ерекше финалмен аяқтап, тың идеяларын ұсынды.
Барлық қатысушылар жоғары нәтижелер көрсетіп, арнайы марапаттарға ие болды! Ең үздіктері ғана жеңімпаз атанып, қаржылай сыйлықтарға ие болды.
Бұл сайыс кітапқа деген сүйіспеншілікті арттырып қана қоймай, жаңа таланттардың ашылуына мүмкіндік берді деп үміттенеміз. Жарысқа қатысқан барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз!