ТДМ 14. Теңіз экожүйелерін сақтауFarabi University

ТДМ 14. Теңіз экожүйелерін сақтау

4 сәуір, 2025

2025 жылдың 4 сәуір күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жалпыуниверситеттік сенбілігі аясында «Шетел тілі: екі шет тілі» мамандығының 2-курс студенттерінің бастамасымен және ұйымдастыруымен сенбілік іс-шарасы өткізілді. Іс-шараны ұйымдастыруға топ эдвайзері, түркітану және тіл теориясы кафедрасының аға оқытушысы Мухатова М.С. жетекшілік етті.
Сенбілік барысында университет аумағы тазартылып, қоқыстар жиналды, ағаштар мен жасыл желекке күтім жасалды. Студенттер белсенділік танытып, қоршаған ортаны көркейтуге өз үлестерін қосты. Бұл шара студенттердің экологиялық мәдениетін қалыптастыруға, ұжымдық жауапкершілік пен ынтымақтастықты нығайтуға бағытталды.
Ұйымдастырушылар: «Шетел тілі: екі шет тілі» мамандығының 2-курс студенттері және топ эдвайзері, түркітану және тіл теориясы кафедрасының аға оқытушысы Мухатова М.С.