- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Қазақстанда халықаралық және ішкі жүк тасымалдауды ұйымдастыру» көшбасшылық дәрісі
«Қазақстанда халықаралық және ішкі жүк тасымалдауды ұйымдастыру» көшбасшылық дәрісі

ТДМ 4-МАҚСАТЫ – САПАЛЫ БІЛІМ БЕРУ шеңберінде 2025 жылдың 4 сәуірінде әл-Фарабиатындағы Қазақ ұлттық университетіндеЭкономика және бизнес жоғары мектебінің«Логистика» мамандығының 3 курс студенттерінеарналған «TLC LOGISTIC» ЖШС директоры Каскенов Ерлан Асқарұлының «Қазақстандахалықаралық және ішкі жүк тасымалдаудыұйымдастыру» тақырыбында көшбасшылықлекциясы өтті.
Іс-шараның басында бірінші курс магистранты Ғаниқызы Аружан халықаралық және ішкі жүктасымалы бойынша сарапшы, 2010 жылдан берікәсіби логистикалық оператор болып табылатын«TLC LOGISTIC» халықаралық компаниясыныңтаныстырып өтті. Компания Қазақстан, Ресей, Қытай, БАӘ және басқа елдердің клиенттеріменжұмыс істейді, бизнеске логистикалық процестердітиімді құруға көмектесуде.
Одан әрі баяндамашы – «TLC LOGISTIC» ЖШС-нің директоры Ерлан Асқарұлы Қаскенов өзсөзінде халықаралық және ішкі жүктердітасымалдауды ұйымдастыру, жүктерді біріктіру, кедендік ресімдеу, жеткізу уақытын барыншаазайту үшін бағыттарды оңтайландырутәжірибесімен бөлісті. Жеке қоймалары мен шоғырландыру орталықтары бар серіктестіктіңқойма қызметі мәселелеріне де назар аударды.
Ерлан Асқарұлы атап өткендей, Қазақстанбірегей географиялық артықшылықтарыныңарқасында жаһандық нарықтарды байланыстырып, Орталық Азиядағы ірі көлік-логистикалық хабқаайналуда. Әлемнің жаңа экономикалықгеографиясы мен сауда ағындарының өсуінебайланысты біздің елімізде көлік-логистикалықсектор стратегиялық маңызға ие болуда. Материалдық-техникалық қамтамасыз етусаласында еңбек нарығында сұранысқа ие бәсекегеқабілетті мамандарды даярлау, мансаптық жәнекәсіби өсу мүмкіндіктері, адамның өз мансабындажәне өмірінде биіктерге жетуіне қажеттікөшбасшылық қасиеттерді дамыту мәселелеріталқыланды.
Дәріс соңында қатысушы оқытушылар мен студенттер сұрақ-жауап алмасып, қызықтыпікірталас жүргізді.
Ұйымдастырушылар: Бизнес-технологияларкафедрасының меңгерушісі Ахметова З.Б., куратор-эдвайзерлер Баймуханбетова Э.Е., Абдикул Ш.Н., Болтаева А.Ж., 1 курс магистранты ҒаниқызыАружан.
Басқа жаңалықтар

