“Қызғалдақтар Уақыты” жәрмеңкесіFarabi University

“Қызғалдақтар Уақыты” жәрмеңкесі

1 наурыз, 2025

2025 жылы 01 наурыз айында  “Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық" кафедрасының оқытушысы Базартаева Е.Б.  “Қызғалдақтар Уақыты” атты жәрмеңкеге қатысты.
28 ақпан - 2 наурыз аралығында Орталық мемлекеттік музейде өткен сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің көрме-жәрмеңкесіне қатысу біз үшін үлкен әсер қалдырды. Қазақтың бай мәдени мұрасын насихаттайтын іс-шарада түрлі қолөнер туындылары, зергерлік әшекейлер, ұлттық киімдер мен тұрмыстық бұйымдар ұсынылды.

Көрмеге келген қонақтар шеберлермен тікелей сөйлесіп, олардың жасаған бірегей жұмыстарымен танысу мүмкіндігіне ие болды. Әсіресе, зергерлік өнер мен кестелеу шеберлігі ерекше назар аудартты. Қолөнер бұйымдарын сатып алып, ұлттық мәдениетіміздің көркем үлгілерін күнделікті өмірімізге енгізу – үлкен мәртебе.

Осындай шаралар дәстүрімізді жаңғыртып, өнерді бағалауға және шеберлердің еңбегін қолдауға мүмкіндік береді. Ұйымдастырушыларға алғысымызды білдіреміз!

“Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық" кафедрасы