- Басты бет
- Жаңалықтар
- Қаз дауысты Қазыбек пен Әйтеке билердің суырып салып айтқан шешендік сөздері, әлеуметтік сипаты
Қаз дауысты Қазыбек пен Әйтеке билердің суырып салып айтқан шешендік сөздері, әлеуметтік сипаты

2025 жылдың 18 наурызында 4-ТДМ «Сапалы білім» аясында «Қаз дауысты Қазыбек пен Әйтеке билердің суырып салып айтқан шешендік сөздері, әлеуметтік сипаты» тақырыбында әл-фараби атындағы ҚазҰУ-дың қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының аға оқытушысы Саргелдаеваның ұйымдастыруы мен 1 курс магистранты Тілеубек Ермек ашық семинар сабағын өтті.
Ашық семинар сабағының мақсаты – қазақ халқының үш биінің білікті әрі білімді тұлғалары болған Қаз дауысты Қазыбек пен Әйтеке билердің шешендік сөздерінің әлеуметтік сипатын қазіргі заманмен байланыстыра отырып талқылау. Сондай-ақ кейінгі жас ұрпаққа сөз құдіретін ұғындыру, билеріміздің суырып салма шешендік өнерін жалғастыруға және жаттауға ынталандыру.
Семинар барысында билердің шешендік өнерін қалай дамытуға болатыны жөнінде пікірталас ұйымдастырылып, олардың мұралары кеңінен талқыланды.