Қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу

2025 жылдың 9 наурызында химия және химиялық технология факультетінің «8D05301-Химия» білім беру бағдарламасының 1 курс докторанттары Маденова А.Е., Журагат Г., Бақытжан З. және Енсегенова «6В05301-Химия» білім беру бағдарламасының 1-2 курс студенттеріне арналған «Қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу» тақырыбында тәрбие шарасын ұйымдастырды (практиканы басқарушы – химия ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Литвиненко Ю.А.).
Бұл шараның мақсаты студенттерді «жасыл экономика» концепциясымен және қоршаған ортаны қорғау принциптерімен таныстыру, сондай-ақ қалдықтармен дұрыс жұмыс істеудің және олардың көлемін азайтудың маңыздылығы туралы білімдерін арттыру болды. Шара барысында студенттерге адамның денсаулығы мен экологияға деген ұқыпты қатынас қалыптастыруға ерекше назар аударылды.
Іс-шара барысында қалдықтарды сұрыптау және оларды Қазақстандағы экологиялық қауіпсіз технологиялармен қайта өңдеу әдістері туралы негізгі мәселелер талқыланды. Бұл тақырыптар Тұрақты даму мақсаттарының үшіне тікелей қатысты:
- ТДМ 3 – Денсаулық және жақсы болашақ – шара қоршаған ортаның сапасын жақсартуға ықпал етіп, бұл өз кезегінде халықтың денсаулығына және студенттердің экологиялық жауапкершілігін дамытуға әсер етті;
- ТДМ 11 – Тұрақты қалалар мен елді мекендер – қалдықтарды сұрыптау мен қайта өңдеу мәселелерін талқылау қалдықтарды азайту және экологиялық таза қалалар құруға маңызды қадам болды;
- ТДМ 12 – Жауапты тұтыну мен өндіріс – шара барысында қалдықтарды азайту, ресурстарды тиімді пайдалану және экологиялық қауіпсіз қайта өңдеу әдістерін енгізу мәселелері қарастырылды.
Осылайша, шара студенттерде қоршаған ортаны қорғау, денсаулықты жақсарту және ресурстарды тұрақты пайдалану бойынша саналы көзқарас қалыптастыруға маңызды үлес қосты.
Басқа жаңалықтар

