л-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «Фараби әлемі» халықаралық конференциясы өттіFarabi University

л-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «Фараби әлемі» халықаралық конференциясы өтті

6 сәуір, 2025

2025 жылдың 3-4 сәуірі аралығында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде дәстүрлі «Фараби әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясы сәтті өтті. Конференцияның негізгі мақсаты – студенттер мен жас зерттеушілердің ғылыми әлеуетін қолдау, олардың шығармашылық және аналитикалық ойлау қабілеттерін дамытуға ықпал ету.

Биылғы жылы Экономика және бизнес жоғары мектебі бағытындағы конференция «Тұрақты даму технологиялары: жаһандық өзгерістердің драйвері ретінде инновациялар» атты өзекті тақырып аясында ұйымдастырылды. Іс-шара аясында экономика, цифрландыру, қаржы, бизнес және менеджмент салаларындағы теориялық және қолданбалы сипаттағы ғылыми баяндамалар ұсынылды.

Конференцияға қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде шетелдік университеттерден (Ресей, Ұлыбритания) және Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарынан жұмыстар қабылданды.

 2025 жылдың 3 сәуірінде пленарлық отырыста факультет деканы, орынбасарлар, кафедра меңгерушілері, секция жетекшілері, баяндамашылар және университет профессорлық-оқытушы құрамы қатысты. Пленарлық отырыс барысында студенттер, магистранттар мен докторанттардың үздік  баяндамалары тыңдалды.

Аталмыш шара онлайн және офлайн форматтарда ұйымдастырылып, еліміз бен шетелдің түрлі оқу орындарынан қатысушыларды қамтыды. Бұл өз кезегінде университеттің халықаралық ғылыми байланыстары мен академиялық әлеуетін арттыруға үлкен үлес қосты.

Конференция ұйымдастырушылары барлық қатысушылар мен жеңімпаздарға алғыстарын білдіріп, алдағы уақытта да жастардың ғылымға деген қызығушылығын арттыру бағытында жұмысты жалғастыратынын жеткізді.