«HYDROINTELLIGENT V» жыл сайынғы интеллектуалдық байқауының қорытындысыFarabi University

«HYDROINTELLIGENT V» жыл сайынғы интеллектуалдық байқауының қорытындысы

7 сәуір, 2025

2025 жылғы 2 сәуірде ТДМ 4 және 6 жүзеге асыру шеңберінде метеорология және гидрология кафедрасында дүниежүзілік су ресурстары күніне орай ұйымдастырылған «HYDROINTELLIGENT V» жыл сайынғы интеллектуалдық байқауы өтті.

«6B05203-Гидрология» білім беру бағдарламасы студенттерінің кәсіби білімдері мен интеллектуалдық қабілеттерін дамытуға бағытталған бұл байқау кафедрамыздың г.ғ.к., қауымдастырылған профессоры А.К. Мусина бастауымен бес жылдан бері өткізіліп келеді. Биылғы жылдың ұйымдастырушылары г.ғ.к., қауымдастырылған профессор А.К. Мусина, аға оқытушы, кафедра меңгерушісінің оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Ж.А. Жанабаева, оқытушы, факультеттің аға кураторы А.М. Әлімбай, аға оқытушы, 2-курс кураторы-эдвайзері Ә.С. Абдуллаева, сондай-ақ докторанттар мен магистранттар.

Байқау барысында қатысушылар гидрологиялық процесстер, су ресурстары және климаттың өзгеруіне бейімделу тақырыптарын қамтитын түрлі интеллектуалдық тапсырмаларды орындады. Жеңімпаздарға ерекше сыйлықтар табысталып, сондай-ақ көрермендер арасында Алматы облысының көрікті жерлеріне авторлық турлар ойнатылды.

Метеорология және гидрология кафедрасы барлық ұйымдастырушыларға, қатысушыларға алғыс білдіреді және студенттер арасында гидрология мен жасыл технологияларды насихаттауға бағытталған байқаудың одан әрі дамуына үміттенеді.