- Басты бет
- Жаңалықтар
- 🎓 IV Халықаралық студенттер мен жас ғалымдар ғылыми конференциясы «Фараби Әлемі».
🎓 IV Халықаралық студенттер мен жас ғалымдар ғылыми конференциясы «Фараби Әлемі».

2025 жылдың 4 сәуірінде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультетінде IV Халықаралық студенттер мен жас ғалымдар ғылыми конференциясы «Фараби Әлемі» өтті.
Қылмыстық құқық, қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасында конференция үш секциялық отырыс форматында өтті:
🔹 Қылмыстық құқық, қылмыстық-атқару құқығы және криминологияның өзекті мәселелері
🔹 Криминалистика және сот сараптамасының өзекті мәселелері
🔹 Сот билігі және қылмыстық процестің өзекті мәселелері
📌 «Қылмыстық құқық, қылмыстық-атқару құқығы және криминологияның өзекті мәселелері» секциясы
Секцияны заң ғылымдарының кандидаты, профессор Атаханова Г.М. ашты.
Комиссия құрамында заң ғылымдарының кандидаты, доцент Бисенова М.К., PhD Ақболатова М.Е. және секция хатшысы — PhD Сураева К.С. болды.
🔍 Қатысушылардың баяндамалары тұлғаның құқықтары мен бостандықтарын, қылмыстық жазаларды қолдануды, қылмыстық жүйені реформалауды, сондай-ақ құқық қорғау қызметінің тиімділігін арттыруды қарастырды.
Секция барысында қылмыстық заңнаманы жетілдіру бойынша белсенді талқылаулар болды.
🏆 Секция жеңімпаздары:
🥇 Бахадур Ренара (ОП «Құқық қорғау қызметі») — құқық қорғау органдарының қызметін құқықтық реттеу
🥈 Наурызбаев Д. және Андарбек Н. — қылмыстық-атқару құқығы
🥉 Нуран Н., Саулебек Ж., Байдулина А. — криминология және ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес.
Басқа жаңалықтар

