География және табиғатты пайдалану факультетінде «ФАРАБИ ӘЛЕМІ» атты студенттер мен жас ғалымдардың Халықаралық конференциясы өттіFarabi University

География және табиғатты пайдалану факультетінде «ФАРАБИ ӘЛЕМІ» атты студенттер мен жас ғалымдардың Халықаралық конференциясы өтті

7 сәуір, 2025

2025 жылғы 03-05 сәуір аралығында география және табиғатты пайдалану факультетінде «ФАРАБИ ӘЛЕМІ» атты студенттер мен жас ғалымдардың Халықаралық ғылыми конференциясы өтті.

Конференцияда келесі секциялық отырыстарда түрлі салалардың өзекті мәселелері қаралды:

  • Қазіргі заманғы географиялық зерттеулер мен кеңістіктік даму;
  • Географиялық білім берудегі инновациялар мен әдіснамалар;
  • Тұрақты жер пайдаланудың және қазіргі заманғы жер құрылысы технологиялары;
  • Қазіргі заманғы тенденциялар мен кадастрлық жүйелердегі цифрлық технологиялар;
  • Технологиялық трансформация дәуіріндегі цифрлық геоинформатика және табиғи тәуекелдерді басқару;
  • Геодезия және үлкен деректер: тұрақты дамудың сандық шешімдері;
  • Климаттың өзгеруі және су ресурстары;
  • Туризм индустриясының өзекті мәселелері;
  • Қонақжайлылық индустриясындағы заманауи трендтер;
  • Туризм мен қонақжайлылықты тұрақты дамытудың цифрлық технологиялары;
  • Экология;
  • Адам тіршілігінің қауіпсіздігі.

Баяндамашылардың жұмыстарын талқылау нәтижесінде конкурстық комиссия география және табиғатты пайдалану факультетінде «ФАРАБИ ƏЛЕМІ» студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясының жеңімпаздарын анықтап, келесі ретке сәйкес жеңімпаздарды дипломдармен марапаттады:

1 орын

Shyryntay A.Z. «6В11101-Туризм» білім беру бағдарламасының 4 курс студенті. Тақырыбы: Assessing smart tourism readiness through key technologies and indicators in urban destination management: a case study of Almaty. Ғылыми жетекшісі: аға оқытушы Нұрұлы Е.

2 орын

Ерлан Д. «6В05203-Гидрология» білім беру бағдарламасының 3 курс студенті. Тақырыбы: Талғар өзені алабындағы мұздықтардың кері шегіну динамикасын бағалау. Ғылыми жетекшісі:PhD, аға оқытушы Абдуллаева А.С.

3 орын

Мадибекова А.А. «6В05202-Экология» білім беру бағдарламасының 3 курс студенті. Тақырыбы: Пластиковое загрязнение оз. Маркаколь. Ғылыми жетекшісі: г.ғ.к., аға оқытушы Исмуханова Л.Т.

Конференция аясында география мен қоршаған ортаны қорғаудың өзекті мәселелері бойынша мастер-класс, дөңгелек үстелдер мен ғылыми семинарлар өткізілді. Конференция білім алушылар, жас ғалымдар мен тұрақты даму саласындағы сарапшылар арасында тәжірибе алмасу алаңына айналды. Студенттер, жас ғалымдар БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу үшін өздерінің ғылыми нәтижелері мен бастамаларымен бөлісті.