ТДМ-3: «Green Campus» жобасы аясында көктемгі сенбілік өтті
Көктемнің шуақты күндерінің бірінде университет қалашығында «Green Campus» жобасы және «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында көктемгі сенбілік ұйымдастырылды.
Игі бастамаға университеттің оқытушы-профессорлар құрамы мен студенттері белсене атсалысты. Қатысушылар оқу ғимараттарының аумағындағы қоқыс қалдықтары мен ағаш жапырақтарын жинап, санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде университет қалашығын көктемгі абаттандыру және алдағы ағаш отырғызу жұмыстарына дайындау мақсатында ауқымды тазалық жұмыстары атқарылды.
Мұндай шаралар жастардың экологиялық мәдениетін қалыптастырып, жауапкершілік пен ұйымшылдық қасиеттерін арттыруға ықпал етеді. Университет аумағының тазалығы мен көркі – баршамызға ортақ міндет. Айналамызды таза ұстау – өз қолымызда!
Бұл бастама – тек сенбілікпен шектелмей, салауатты өмір салтын қалыптастыру мен экологиялық тұрақтылықты нығайтудың маңызды қадам . Бірлесе еңбек еткен ұжым университет қалашығының көркейіп, көгалдануына осылайша өз үлестерін қосты.