Рамазан айы - сауап еселеніп жазылатын ай

Баршаңызды келіп жеткен Қасиетті Рамазан айымен құттықтаймын! Рамазан айы туралы және рамазан айында мүмкіндігінше сауапты іспен айналысуды әрбір мұсылман біледі деп ойлаймыз.
Осы орайда білгенге маржан демекші, артық болмас білгенің дей отырып Сіздерге тағыда білгенімізбен бөліскіміз келеді.
Біздің халқымыз ауыз бекіткен адамды айрықша қадірлеп, оған ауызашар беріп, құрмет көрсеткен.
Рамазан – жақсылықтың сауабы еселеніп жазылатын ай. Оразада әрбір игі амалдың сауабы еселеніп жазылады. Құдси хадисте Алла тағала: «Ораза – тек Мен үшін. Оның сыйын (сауабын) Өзім ғана беремін...» – деп оразаның қадірі мен қасиетін, мәні мен маңызын баяндаған.
Ал ардақты пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өзінің хадис-шарифінде: «Адам баласының барлық игі істерінің сауабы артады. Әрбір жақсылыққа он еседен жеті жүз есеге дейін сауап жазылады», – деп үмбетіне сүйінші хабар жеткізген.
Ізгі амалдың сауабы еселеніп жазылатын айда міндетті түрде садақаны материалдық тұрғыда емес, мәселен, қоғамдық көліктерде қариялар мен мүгедек жандарға, балалы аналарға орын берудің өзі сауапты іс. Бізге бұндай әдеп пен әдетті бала күнімізден ата-анамыз бойымызға сіңіріп өсірген. Бір адамды қуанышқа бөлеу – садақа.
Рамазан айы құтты болсын! Қасиетті айда ұстаған оразаларыңыз, жасайтын құлшылық, дұға-тілектеріңіз қабыл болсын! Алға қойған арман-мақсаттарыңыз орындалып, оразадан оразаға аман-есен жете беруімізді Алла нәсіп етсін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш, тәуелсіздігіміз баянды болғай!
Іс-шара 407-409 К ХИ және 301 ТХжТ мамандығының студенттеріне семинар түрінде ұйымдастырылды.
Семинар барысында студенттер сұрақтар қойып бір-бірлерімен пікір алмасты, ойларымен бөлісті. Рамазан айы туралы біраз ақпараттанды.
Физикалық химия, катализ және мұнайхимия
кафедрасының доценті Жақсылықова Г.Ж.
Басқа жаңалықтар

