ТДМ 12: Жауапты тұтыну және өндіріске арналған ғылыми семинар
.jpeg)
Азаматтық құқық, азаматтық іс жүргізу және еңбек құқығы кафедрасы Тұрақты даму мақсаты 12 (ТДМ 12) аясында «Жауапты тұтыну және өндіріс» тақырыбында ғылыми семинар өткізді.
�� Семинардың мақсаты – тұрақты тұтыну мен өндірістің құқықтық және институционалдық аспектілерін, сондай-ақ экологиялық және экономикалық мәселелерді шешудегі мемлекет пен қоғамның рөлін талқылау.
�� СПИКЕР – Қарашева Ж.Т.
Семинардың негізгі тақырыптары:
✅ Тұрақты тұтынуды құқықтық реттеу
✅ Өндірушілердің экологиялық жауапкершілігі
✅ Қалдықтар мен ресурстарды басқару
✅ Экологиялық өндірісті қолдаудағы мемлекеттің рөлі
✅ Тұрақты даму мен «жасыл экономиканың» халықаралық тәжірибесі
Семинар өндіріс пен тұтынуға экологиялық және әлеуметтік жауапкершілікпен қарау бағытында білім мен тәжірибе алмасудың маңызды алаңына айналды.
Басқа жаңалықтар


