ШҚТУ-да «Қатты дене физикасы» XVI Халықаралық ғылыми конференциясы өтті

ШҚТУ-да «Қатты дене физикасы» XVI Халықаралық ғылыми конференциясы өтті
Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде профессор Сергей Викторович Плотниковтың құрметіне арналған «Қатты дене физикасы» XVI Халықаралық ғылыми конференциясы өтті.
Конференцияның басты мақсаты – қатты дене физикасының іргелі және қолданбалы зерттеулерін талдау, сондай-ақ осы саладағы ғылыми жаңалықтар мен жетістіктерді ортаға салу.
Іс-шараға әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың плазма физикасы, нанотехнология және компьютерлік физика кафедрасының профессоры, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының академигі Т.С. Рамазанов, кафедра доценттері М.К. Досболаев пен С.А. Оразбаев, сондай-ақ кафедраның міндетін атқарушы доценті А.У. Өтегенов қатысты. Конференция аясында ғалымдар жаңа материалдар, олардың физика-механикалық қасиеттері, құрылымдық-фазалық өзгерістері және инновациялық технологиялар сияқты өзекті тақырыптар бойынша пікір алмасты. Сонымен қатар ғылыми және пәнаралық байланыстарды нығайтуға ерекше назар аударылды.
Басқа жаңалықтар

