ТДМ-4: «201-кабинет» атты ашық форматтағы кеш өттіFarabi University

ТДМ-4: «201-кабинет» атты ашық форматтағы кеш өтті

4 сәуір, 2025

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Журналистика факультеті «Сұңқар» студенттер мен магистранттар кәсіптік бюросының ұйымдастыруымен 4 сәуір күні «201 - кабинет» жобасы өтті.

Жоба барысында ұйым студенттері мен қонақтар жиналып, уақытты көңілді әрі тиімді өткізді.

Бұл жай ғана бас қосу емес, күлкі мен шынайы эмоцияға толы нағыз студенттік атмосфера болды. Студенттер өздерінің күнделікті студенттік өмірлерінен сыр шертіп, айтарларын ортаға салды. Сабақ, сессия, жатақхана тақырыптары – бәрі де әзілмен, ашық форматта айтылды.

Жоба барысында студенттер бір-бірін жақынырақ танып, өздерін еркін сезінді.  Қиындықтарын бөлісіп, жеңіл күлкіге айналдырды. Бұл кеш шынайы қолдау мен көмектің ортасы болғаны сөзсіз.

Жобаға қатысқан студенттер мен қонақтарға өз алғысымызды білдіреміз!