Мектеп пен жоғары оқу орны арасындағы көпір: саналы мамандық таңдауға қадам

2025 жылдың 28 наурызы күні Алматы қаласы, Алатау ауданы «№ 182 мектеп-гимназиясы» КММ-де аудандық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығымен ұйымдастырылған «Заманауи жағдайда білім алушыларға кәсіптік бағдар жүргізудің тиімді бағыттары» тақырыбында Ғылыми-жаратылыстану бірлестігі аудандық семинары өтті.
ТДМ 4 – «Сапалы білім беру» мақсатына (4.3.4 Университет кешенінен тыс білім беру, ақпараттық-түсіндіру жұмыстары) қол жеткізу аясында семинар жұмысына аналитикалық, коллоидтық химия және сирек элементтер технологиясы кафедрасының доценті М.Ж. Керимкулова мен Алатау ауданы білім бөлімінің басшысы Қ.М. Ақмұрзаева қатысты.
«№ 182 мектеп-гимназиясы» КММ басшылығы мен ұстаздары жоғары біліктілікпен семинар бағдарламасын ұйымдастырған. Семинардың мақсаты - білім алушыларға кәсіптік бағдар берудің заманауи әдістерін қарастыру, тиімді бағыттарын анықтау, практикалық тәсілдерді талқылау. Семинар ұйымдастырушылары қатысушыларға Қазақстан Республикасының Президентінің 2019 жылғы 19 маусымдағы № 27 Жарлығы «Еңбек нарығындағы сұранысқа ие жаңа мамандықтар мен құзіреттіліктердің атласын әзірлеу» тапсырмасының негізінде қазіргі таңда сұранысқа ие білім беру бағдарламаларын таңдау жолдарын, өзгеріске ұшыраған немесе жойылып бара жатқан мамандықтарды анықтау жолдарын көрсетті.
М.Ж. Керимкулова өз кезегінде атласта жүзеге асырылған 9 басым экономика саласына маман дайындау бағытында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың мүмкіндіктерімен таныстырды. Сонымен қатар мектеп өз оқушыларының түрлі мүмкіндіктерін көрсетіп, көрме ұйымдастырған.
Мұндай іс-шаралар БҰҰ-ның ТДМ №4 – "Сапалы білім беру" мақсатына сай келеді және мектеп пен университет арасында байланысты арттырады. Нәтижесінде оқушылар үшін мамандық, университет таңдау және оған жету жолын жеңілдетеді.
Басқа жаңалықтар

