Шетел тілдері бойынша олимпиадаға

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ-ШАҚЫРУ
Құрметті студенттер мен оқытушылар!
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, филология факультеті, түркітану және тіл теориясы кафедрасы сіздерді «Шетел тілдері» мамандығы бойынша білім алатын бакалавр студенттері арасында өтетін шетел тілдері бойынша олимпиадаға қатысуға шақырады.
Өткізу күні: 2025 жылғы 21 сәуір
Басталуы: 10:00
Өтетін орны: Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, филология факультеті, 3-қабат, 316 аудитория
🔹 Олимпиадаға тілдік мамандықтарда оқитын 1–3 курс студенттері қатыса алады.
🔹 Әр жоғары оқу орны алдын ала іріктеу кезеңін өткізіп, үздік үміткерлерді ұсынады.
Қатысуға өтінімдер 2025 жылғы 10 сәуірге дейін мына электрондық пошта арқылы қабылданады:
tolkyn.79@mail.ru
Ұйымдастырушылардың байланыс телефондары:
+7 700 088 1845, +7 701 783 6506
Басқа жаңалықтар

