ТДМ 4 Сапалы білім. Ойын әдістері арқылы оқытуFarabi University

ТДМ 4 Сапалы білім. Ойын әдістері арқылы оқыту

9 сәуір, 2025

"Спагетти мұнарасы" ойыны студенттердің шығармашылық қабілеттері мен техникалық ойлауын дамыту мақсатында ұйымдастырылды. Бұл әдіс инженерлік ойлауды, топпен жұмыс жасауды және стратегия құруды талап етеді. Студенттер 4-5 адамнан тұратын топтарға бөлініп, тек спагетти, жіп және бір маршмеллоу көмегімен ең биік әрі тұрақты мұнара салуға тырысты.Ойын барысында студенттер өз идеяларын ұсынды, бірігіп жұмыс істеді және нақты инженерлік шешімдер қабылдады. Бұл тапсырма олардың логикалық ойлау, шығармашылық және коммуникативтік дағдыларын жақсартуға ықпал етті.

Қатысушылар: Электр энергетикасы БББ 4 курс студенттері

Ұйымдастырушы: аға оқытушы Нурушева М.М.