- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Қазақ тіл білімінің ғылыми негіздері мен қолданбалы аспектілері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция
«Қазақ тіл білімінің ғылыми негіздері мен қолданбалы аспектілері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

2025 жылдың 8 сәуірі күні Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Әл-Фараби ғылыми кітапханасының 308-залында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің 40 жылдық мерейтойына арналған ФАРАБИ ФОРУМЫ аясында «Қазақ тіл білімінің ғылыми негіздері мен қолданбалы аспектілері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференцияны Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Басқарма мүшесі - ғылыми-инновациялық қызмет жөніндегі проректор м.а. Ибраимов Маргұлан Қасенұлы құттықтау сөзімен бастады.
Конференцияның пленарлық мәжілісінде Нөкіс қаласы Қарақалпақ мемлекеттiк университетiнің доценті, PhD Смамутова Ширин Азатбаевна, ҰҚК академиясының профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Бірәлі Гүлмира Атиғоллақызы, Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ профессоры, филология ғылымдарының докторы Қоянбекова Сара Бариқызы, А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты ономастика бөлімінің кіші ғылыми қызметкері, «Болашақ» бағдарламасы бойынша Оксфорд университетінің Азия және Таяу Шығысты зерттеу факультетінің тәлімгері Садық Дидар Ахмет, Түркия, Хаджеттепе университетінің түркология зерттеулері институтының докторы, PhD Серап Пылгыр, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының кіші ғылыми қызметкері, «Сенім» білім беру және дамыту орталығының директоры Қасымбек Айсұлу Асылханқызы қазақ тілінің функционалды аспектісі мен оны дамытудағы өзекті мәселелер, тіл меңгертудегі инновациялық әдістер, цифрлық технологияларды пайдалану тәжірибесі және көптілді ортадағы қазақ тілінің даму мәселелердің зерттелуі, оларды шешудің тиімді жолдарын ұсынды. Конференцияның жұмысы «Лингвистика ғылымындағы жаңа бағыттар»; «Қазақ тілін цифрландыру және жаңашылдық»; «Шетел азаматтарын оқытудың өзекті мәселелері» атты секцияларда өз жалғасын тапты. Секция отырыстарында лингвистикадағы тың зерттеу бағыттар және олардың қоғамдағы рөлі мен маңызы, онлайн платформаларды, мобильді қосымшаларды, сондай-ақ виртуалды технологияларды тіл үйрету процесіне енгізу мүмкіндіктері талданды. Шетелдік білім алушыларға ҚР білім беру стандартына сәйкес оқу құралдары мен әдістемелік материалдар әзірлеу жайы ұсынылды.
Басқа жаңалықтар

