Магистранттардың халықаралық ғылыми тағылымдамасы

Магистранттар, Қытай Халық Республикасының Шэньчжэнь қаласындағы Шэньчжэнь университетінде 2025 жылдың 17 наурызынан 30 наурызы аралығында ғылыми тағылымдамадан өтті. Тағылымдама бағдарламасы аясында университеттің вирусология, ДНҚ зерттеу және жасуша биологиясына арналған заманауи зертханаларымен танысып, олардың жұмыс істеу принциптері мен құрал-жабдықтарын көрді.
Зертханалық жұмыстармен қатар біз жетекші профессорлар мен ғылыми қызметкерлерден дәрістерді тыңдап, заманауи биомедициналық зерттеулердің бағыттары мен әдістері жөнінде құнды мәліметтер алды. Бұл дәрістерде молекулалық биология, гендік инженерия және жасушаның регенерациялық қасиеттері туралы кеңінен айтылды.
Сондай-ақ, тағылымдама барысында "2025 Shenzhen International Conference on Frontiers of Clinical & Fundamental Medicine" атты халықаралық ғылыми конференцияға қатысу мүмкіндігіне ие болды. Конференцияда әлемнің әртүрлі елдерінен келген медицина ғылымдарының докторлары мен профессорлары өздерінің соңғы зерттеу нәтижелерімен бөлісті. Әсіресе, обыр ауруы (онкология) және жасушаның қартаю процесі төңірегінде жүргізілген зерттеулер ерекше қызығушылық тудырды.
Тағылымдама магистранттар үшін теориялық білімді тереңдетіп, халықаралық ғылыми ортада тәжірибе алмасуға үлкен мүмкіндікке ие болды. Сонымен қатар, болашақ зерттеу бағыттарын нақтылауға және кәсіби байланыстар орнатуға жол ашты. Тағылымдама сәтті аяқталуына орай магистранттарға сертификат берілді.
Конференция барысында Қазақстан атынан қатысқан ғалым, Абдужаппар Гаипов, спикер ретінде сөз сөйлеп, өзінің ғылыми зерттеуінің нәтижелерін ұсынды. Ол тақырып бойынша мазмұнды презентация жасап, халықаралық ғылыми қауымдастықпен өз еңбегінің маңызды тұстарымен бөлісті.
"2025 Shenzhen International Conference on Frontiers of Clinical & Fundamental Medicine" атты халықаралық ғылыми конференция
Басқа жаңалықтар

